Басты бет / Жаңалықтар /
ұшақ, эйр астана, Air Astana
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматы мен Астанадан Кипрға тіке әуе рейсі ашылады

Не болды?

Алматы мен Астанадан Кипрға тіке әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметінше, халықаралық әуе бағытын кеңейту үшін Қазақстаннан Кипрға тіке рейс ашылады. 2 маусымнан бастап Астана – Ларнака бағытында, ал 4 маусымнан бастап Алматы – Ларнака бағыты бойынша ұшуға болады. Әр бағытқа аптасына екі рет Air Astana-ның Airbus A321LR деген ұшағы жолаушыларды тасымалдайды. Бұл әуе қатынасы ел арасындағы экономика мен туризмді нығайтуға ықпал етеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді Қазақстаннан Еуропа мен Түркия тіке әуе рейсі ашылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram