Не болды?
Алматыдағы Мамыр шағын ауданында көлік қозғалысы 2,5 ай шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1991 жылы пайдалануға берілген, яғни 30 жылдан бері жаңармаған жылу құбырын ауыстыру үшін Рәбиға Сыздық көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Жылу құбырының ұзындығы — шамамен 300 метр.
Жол асты құбырын жөндеуге байланысты:
- 2026 жылғы 21 мамырдан 31 шілдеге дейін — Мамыр-2 шағын ауданындағы №12 үй мен Мамыр-3 шағын ауданындағы №25 үй;
- 2026 жылғы 26 мамырдан 31 шілдеге дейін — Бауыржан Момышұлы көшесі мен Мамыр-1 шағын ауданындағы №12 үй арасындағы аумақта көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.
Жылу құбыры жаңарғаннан кейін 160 көпқабатты тұрғын үй, үш балабақша, бес мектеп, бір денсаулық сақтау мекемесі мен 26 өзге де нысан ыстық сумен қамталады, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, жазда республикалық маңызы бар авто жолдарда, жалпы 122 нысанда құрылыс жұмысы жүреді.
