Не болды?
Алматыда балаларға ішімдік сатқан үш ойын-сауық орны жабылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, Медеу ауданындағы ойын-сауық орындарында кәмелет жасқа толмаған балалар түнде алкогольді ішімдік ішкен. Балаларға ішімдік сатқан ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заң талабын өрескел бұзған үш ойын-сауық мекемесінің қызметі тоқтады. Жасөспірімдердің тәрбиесіне салғырт қарған ата-аналар мен заңды өкілдерге де жауапкершілік жүктелді, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, наурызда Атыраудағы ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктіктен құлап кеткен еді.
