Есік қаласында түліктекр ҰБТ тапсырып жатқанда интернет өшіп қалған. Тест аяқталып қалған еді. Талапкерлердің сол уаққа дейін белгілеген жауабы сақталмай, ұпай есептелмей қалған. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
rau_2507 деген аккаунт Threads желісіне ұлы 28 мамырда таңғы 9-дан тест тапсырып, тестінің аяқталуына 20 минут қалғанда интернет өшіп қалғанын жазған.
Кенет тестілеу орталығында интернет өшіп қалды. Тестіні аятқап, шығып үлгермегендердің жауабы сақталмай қалды. Енді балаларымыз мына сары уайымның бәрін қайтадан бастан кешпекші. Өйткені тестіні жексенбіге ауыстырды, — деп шағымданды ол.
Ана бұл жағдай барып тұрған жауапсыздық екенін айтып отыр.
2026 жылы балалардың болашағы шешілетін елдегі басты емтиханда қалайша техникалық коллапсқа жол беруге болады? Қосымша байланыс каналдарды неге жоқ? Әр минутты автоматты сақтап отыру қызметі неге қарастырылмаған? Балалардың жүйкесі әбден тозды. Ал оларды еңбегі мен кеткен жүйкесі біреулердің салғырттығынан зая болды, — деп жазды ана.
Ұлттық тест орталығы бұл жазбаға жауап берді. Орталық 28 мамырда сағат 11:19-да интернет қызметін ұсынатын мердігер ұйым тарапынан техникалық ақау болғанын растады.
Бірінші топта тест тапсырып үлгермеген талапкерлердің тес тапсыратын уақыты 21 мамырдағы бірінші топқа ауыстырылды Интернет қалпына келді. Кешірім сұраймыз және түсінгендеріңізге алғыс, — делінген хабарламада.
