Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ресейде қазақ мектептері салынады

Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Не болды?

Ресейдегі Орынбор, Омбы мен Астрахань облысында қазақ мектептері салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың сөзіне қарағанда, Орынбор, Омбы мен Астрахань облысында қазақ мектептерін салуға жер телімі бөлінді. Бұл мектептер білім беру бағдарламасына Қазақстанның стандартын бекітеді.

Қазір мектепте қазақ және орыс тілінде білім беру, ғылыми бағыттағы пәндерді игеру, жасанды интеллекті мен цирфландыруды меңгеру мәселелерін талдап жатырмыз, — дейді министр.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұл бастама екі жыл бұрын да айтылған. 2024 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға жұмыс сапарымен келген кезде Орынбор, Омбы мен Астраханьда қазақ мектебін ашуға мүдделі екенін айтқан еді.