Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Салық органдары мобайл аударымға қатысты хабарлама жолдап жатыр

Фото: Жасанды интеллект

Не болды?

Енді мобайл аударымға қатысты салық органдарының хабарламасына 30 жұмыс күн ішінде жауап беруге болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қазір салық органдары тексеріске байланысты хабарлама жолдауды бастап кетті. Азаматтар осы уақыт ішінде декларация тапсырып, аударымдарға қатысты түсініктеме беруге құқылы.

Біз салық төлеушіге түсініктеме беру немесе декларация өткізу мүмкіндігін ұсынамыз. Қазір  ешқандай айыппұл бекітіліп, шектеу қойылып немесе банк санкция салмайды, – деді вице-министр.

Бұған дейін салық органдары мобайл аударымы тіркелмеген, кәсіпкерлікпен айналысуы мүмкін тұлғалардың тізімін жасай бастаған еді. Хабарламаны мамыр айынан бастап жолдау жоспарланған.

Тексеру кезінде үш негізгі критерий ескеріледі:

  • 100 және одан да көп адамнан аударым түсуі;
  • үш ай аралығындағы аударымдар;
  • жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асуы.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін салық органдарының ақша аударымдарын тексеріп жатқанын хабарлаған едік.