Не болды?
28 мамыр күні Оңтүстік Кореяның актрисасы, танымал әнші Сюзи Ақтауға келді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Aziza_matai деген TikTok қолданушының мәліметіне қарағанда, актриса Сюзи (Пэ Су Джи) Men of the Harem деген дораманың түсірілімі үшін Ақтауға келді.
Жаңа дораманың түсірілімі Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында өтеді.
Кореяның түсірілім тобы қазір Маңғыстауда жұмыс істеп жатыр
Тhreads әлеуметтік желісінде Сюзиді Ақтау әуежайынан күтіп алған кездегі видеолар тарады. Аида деген дорама көрерменінің сөзіне қарағанда, Кореяның түсірілім тобы қазір Маңғыстауда жұмыс істеп жатыр. Ол дорама жарыққа шыққанан кейін Бозжыра шатқалы мен Каспий теңізін бүкіл әлем көреді деп болжады.

Жанкүйерлермен кездесу кешін ұйымдастыру керек
Жұрттың басым бөлігі ресми ақпарат хабарланбаған соң актрисаны қарсы алуға бара алмады. Тағы бір желі қолданушысы дораманың актер, актрисалары жанкүйерлермен кездесу кешін ұйымдастырғанын қалайды.
Біз, яғни дорама көрермендері жабайы емеспіз. Ел тұрғындары да ондай емес, әрине. Алайда әуежайдан қарсы алған видеоны көріп, шынымды айтсам, көңілім толмады. Сюзи іштей «Мен қайда келдім?» деп ойлап қалмады ма екен? Сондықтан мәдениетті түрде кездесу ұйымдастыру керек. Бұл тек Сюзиге ғана қатысты емес. Қазақстанға Чжи Чан Ук пен Пак Бо Гом да келуі мүмкін, — дейді ол.


Дорама көрермені «актрисаның келуін неге алдын ала хабарламады» деп ренжіп жатқан жанкүйерлерге түсірілім әркез құпия болатынын айтты.

Сюзи 30 мамыр Алматыға келеді
Тhreads қолданушысының айтуына қарағанда, Сюзи 30 мамыр Алматыға келеді екен.

Контекст
Естеріңізге салайық, атақты Корей актерлеры Чжи Чан Ук пен Ли Су Хек Қазақстанға келіп, дорама түсіріп жатыр. 19 мамыр күні актриса, әнші Сюзи (Пэ Су Джи) Men of the Harem дорамасының түсірілімі Алматыда болып жатқанын хабарлап, Іnstagram-ға сторис салған еді.
