Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Корей актерлары Қазақстанға келіп, дорама түсіріп жатыр

Фото: Жасанды интеллект
Корей актерлары Қазақстанға келіп, Men of the Harem деген дорама түсіріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Түсірілім Алматы мен Ақтауда өтеді

Afishi Aktau парақшасының мәліметі бойынша, атақты Корей актерлеры Чжи Чан Ук пен Ли Су Хек Қазақстанға келіп, дорама түсіреді. Алайда актерлар мен түсірілім тобы әлі ресми мәлімдеме жасамады. Бұл ақпарат жанкүйерлер арасында сөз болып жатыр. Жанкүйерлер мен оқырмандардың айтуына қарағанда, түсірілім Алматы, Ақтау мен Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында өтеді.

«Чжи Чан Укты қай қалаға барса, сол қалаға барамын»

Тhreads әлеуметтік желісінде корейлер Қазақстанда дорама түсіретіні жайлы жұрт жарыса пікір жазған. Желі қолданушысы бұған дейін кәрістер де, үнділер де кино түсіргенін және түсірілімге қатысқанын айтты.

скрин
Фото: Тhreads скрині

Тағы бір дорама көрермені Чжи Чан Укты қай қалаға барса, сол қалаға барып, актермен жолығуға дайын отыр. 

скрин
Фото: Тhreads скрині

Ақтаудағы Saya park-те корейлік түсірілім тобы жүр

Жанна деген желі қолданушысы Saya park-те Корея азаматтарын кездестірген. Сонымен қатар ол Алматы облысындағы Шонжы мен Кегенде түсірілім жүріп жатқанын айтты.

Корей актерлары Қазақстанға келіп, дорама түсіріп жатыр
Фото: Тhreads скрині

Сюзи (Пэ Су Джи) Алматыға келді

19 мамыр күні актриса, әнші Сюзи (Пэ Су Джи) Men of the Harem дорамасының түсірілімі Алматыда болып жатқанын хабарлап, Іnstagram-ға сторис салған.

скрин

Фото: Тhreads скрині

***

Тағы оқыңыз:

Корей дорамасы қалың көрерменді қалай баурап алды?