Не болды?
27 мамыр күні Астанадағы барлық мектепте 1-класқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабаралап отыр.
Мәлімет
Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, мектеп оқушы құжатын офлайн мен онлайн форматта қабылдап жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.
1-класқа қабылдау үшін қажет құжаттар тізімі:
- ата-анасы немесе заңды өкілдің өтініші;
- №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
- №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- 3×4 см өлшеміндегі екі фотосурет.
Балаларды мектепке қабылдау үшін 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында құжат тапсыруға болады.
Контекст
Естеріңізге салайық, енді балалар 1-класқа алғаш рет OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы қабылданады.
