Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Соңғы қоңырау. Биыл 215 мыңнан астам түлек мектеп бітіріп жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтады. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-класс түлектері. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9-класты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам оқушы үміткер болса, 11-класс бойынша бұл көрсеткіш 18 мыңға жеткен. Қазіргі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп жатыр.

Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні Қазақстан мектептерінде «Білімім — Отаныма!» тақырыбында бірыңғай класс сағаты өтеді. Іс-шара барысында оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен есте қалған сәттері талқыланады. Сонымен қатар класс сағаттарында «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасының құндылықтарына, білім мен ғылымның маңыздылығына және инновациялық ойлауды дамытуға ерекше назар аударылады. Оқушыларға жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын кітаптар мен көруге кеңес берілетін фильмдер тізімі таныстырылады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, биыл мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, дәмханаларда, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынды.