Не болды?
Бүгін өтіп жатқан мәжілістің жалпы отырысында нотариат қызметіне қатысты жаңа шектеу бекітілді. Қабылданған ереже нотариат жүйесінің ашықтығын күшейтуге бағытталған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Депутат Нұрсұлтан Байтілесовтің мәлімдеуінше, енді нотариустардың жеке сот орындаушысымен, микроқаржы ұйымымен және басқа да мүдделі тұлғамен байланысына шектеу қойылады. Сонымен қатар нотариустарға жақын туысының ісімен айналысуға тыйым салу ұсынылды.
Кей микроқаржы ұйымы шарт арқылы кез келген нотариусқа жүгінуге мүмкіндік беріп келген. Сондықтан заң жобасында атқарушы жазбаны тек борышкердің тіркелген мекенжайы бойынша рәсімдеу және аймақ сәйкес келмесе автоматты шектеу енеді, – депутат Нұрсұлтан Байтілесов
Азаматтарды міндетті түрде хабардар ету механизмін енгізу де жоспарда бар. Атқарушы жазба рәсімделсе, көшірмесі электронды үкімет порталы мен SMS арқылы жіберіледі.
Депутаттардың айтуынша, тексеріс барысында атқарушы жазбаға қатысты, шамамен 2 млрд теңге көлемінде заң бұзылғаны анықталған.
Контекст
Естеріңізге салайық, парламент президент пен вице-президенттің мәртебесін айқындайтын заң қабылдады.
