Не болды?
Үкімет КТС (корпоративтік табыс салығы) мен ҚҚС (қосымша қүн салығын) ережелерін қайта қарап жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Үкімет баспасөзінің мәліметі бойынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мекемелер ақша-кредит нарығы бойынша жеке кіріс үшін арнайы салық төледі. Енді корпоративтік табыс салығында төлеу тәртібі, аванс пен салық есебі қағидасы өзгереді. Қаржы министрлігі бұл ұсынысты қолдады.
2026 жылы ақша-кредит нарығына салық салынбайды
Бұрынғы салық кодексіне сәйкес, 2025 жылғы ақша-кредит нарығының кірісіне 10% салық салынды. Қолданыстағы ереже салық сомасын КТС бойынша аванс төлеміне қосуды көздейді. Ұлттық банк өкілінің пікірінше, бұл аванс төлемінің негізсіз ұлғаюына ықпал етеді. 2026 жылы ақша-кредит нарығының аударымына қосымша салық салынбайды.
Денсаулық сақтау саласындағы ҚҚС
Үкімет денсаулық сақтау саласындағы қосымша құн салығына бірыңғай өтпелі мөлшерлеме енгізу мәселесін тағы да талқылады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрі, медицина бұйымдары, техника құралдарын сату мен импорттаудан айналымға 5% ҚҚС төмендетілген мөлшері белгіленген еді. Енді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төмендетілген мөлшері — 10% болады.
Орфандық, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, ТМККК, МӘМС бойынша медицина қызметі мен дәрі-дәрмек ҚҚС-дан босатылды, — делінген хабарламада.
Жеңілдетілген салық режимі
Отырыста жеңілдетілген салық режимін қолданатын субъектілер үшін 200-нысанды тапсыруды жою мәселесі талқыланды. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша, биылғы ақпанда жеңілдетілген декларацияны 1,2 млн салық төлеуші ұсынған. Оның 800 мыңға жуығында әлеуметтік төлем бойынша берешек бар. Сөз соңында Серік Жұманғарин шағын және орта бизнес субъектілері үшін 200-нысанды сақтау керегін айтты.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстанда 2026 жылдан бастап жұмыс істеуге келетін шетел азаматтары үшін бірыңғай салық енуі мүмкін.
