Басты бет / Жаңалықтар /
су, ыстық су, суық су
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы Бостандық ауданында уақытша суық су өшеді

Не болды?

20 мамыр Алматыдағы Бостандық ауданында уақытша суық су өшеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Алматы су» кәсіпорнының мәліметіне қарағанда, су құбырын жөндеуге байланысты 20 мамыр 08:00-ден 20:00-ге дейін суық су уақытша өшеді.

Бостандық ауданындағы кейбір тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда су болмайды:

  • Әл-Фараби даңғылы – Жароков көшесі – Левитан көшесі – Үлкен Алматы өзені контурында орналасқан Қазақфильм;
  • Нұр-Алатау;
  • Бағанашыл-1,2 шағынаудандары.

Контекст

Естеріңізге салайық, сәуір айында Алматының кейбір аймағында бір күн суық су болмаған еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram