Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен кейін мектеп салды

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс арқылы Түркияның Нурдагы қаласында салынған жаңа мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Нурдагы қаласындағы білім беру нысаны 2023 жылы болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстанның гуманитарлық көмегі аясында бой көтерген.

Жаңа мектеп ғимаратының жалпы аумағы — 7 137,8 шаршы метр. Онда бір уақытта 960 оқушы білім ала алады.

Жоба барысында сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылған. Мектеп заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес салынған.

Еске салайық, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттау рәсімі өтті