Басты бет / Жаңалықтар /
925c417c89e2d8f6c444626f0df51812 Терроризм бойынша күдікке ілінген 4 Қазақстан азаматы елге қайтарылды
Фото: ҰҚК

Терроризм бойынша күдікке ілінген 4 Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен терроризмге қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт азамат Қазақстанға жеткізілген.

Олар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. ҰҚК жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталып, елге қайтарылды, – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Комитет мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook