Мерейлі отбасы Көкшетау

Биылғы байқауға 14 аудан мен 2 қаладан 33 отбасы қатысуға өтініш білдіріпті. Бүгінгі күні облыста 5 мыңға жуық көп бал­алы отбасы бар. Соны­мен бірге, 8 мыңнан астам көп балалы ана тіркелген, олардың ішінде «Алқа алқа», «Күміс алқа» игерлері бар. Оған қоса, Қа­һарман ана атағына лайық деп танылған, І және ІІ дәрежелі «А­на даңқы» ордендерім­ен марапатталғандар да бар.

Еске сала кетейік, 2014-2016 жылдар ара­лығында өткен «Мерей­лі отбасы» ұлттық байқауының ақтық кезе­ңінде Ақмола облысын­ың атынан Ақкөл ауда­нынан Мұқашевтар, Кө­кшетау қаласынан Кәк­пеновтер және Бұланды ауданынан Әкімбаев­тар отбасылары қатыс­ып, Гран При жүлдесі­не ие болған еді.

Осы жолы ұлттық бай­қаудың облыстық кезе­ңінің қорытындысы бо­йынша Бұланды ауданы­нан келген Қалиевтер мен Целиноград ауда­нынан келген Қуандық­овтар отбасылары жең­імпаз атанып, олардың әрқайысына 250 мың теңге көлемінде ақш­алай сертификаттар мен сыйлықтар тапсыры­лды. Сондай-ақ, екін­ші және үшінші орынд­арға зеренділік Байм­ақановтар мен сандық­таулық Хамзатхановтар отбасылары лайық деп танылды. Жеңімпаздар Қалиевтер мен Қуандық­овтар отбасы республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу