Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараның нәтижесінде заңсыз айналымнан:

  • 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;
  • 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;
  • алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді;
  • ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.

Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады, – делінген хабарламада.