Не болды?
Павлодарда екі мыңнан астам мұғалімнің жеке дерегі интернетте тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметі бойынша, мемлекеттік сатып алу порталында мектептегі медициналық тексеру қызметі туралы хабарландыру жарияланған. Конкурс құжатына 28 білім беру ұйымы өз қызметкерлерінің, яғни мұғалімдердің дербес деректерін, мекенжайлары мен телефон нөмірлерін тіркеп жіберген.
Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша, 2 065 мұғалімнің дербес дерегі интернеттен алынды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, Астана мен Алматыда азаматтардың жеке дерегін заңсыз жинап, оны сатқан күдікті топ ұсталған еді.
