Астана және Алматыда азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинап, таратумен айналысқан күдікті топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҰҚК мәліметінше, қылмыстық іс фигуранттары заңсыз алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың жекелеген өкілдері, сонымен қатар жеке тұлғалар болған.
Жүргізілген тінту барысында компьютерлік техника, электрон ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 147 (жеке өмірге қол сұғу және дербес деректерді заңсыз жинау), 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
