Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28 сәуір сағат 22:00-ден 29 сәуір сағат 06:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Даналық көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жөндеу аймағында ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта қойылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қозғалысқа енгізілетін шектеулер туралы ақпарат 2GIS және Яндекс Карталар қосымшаларында, сонымен қатар @AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланады.