Не болды?
Батыс Қазақстанда бір миллиард теңгеге жуық заңсыз айналымы бар қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Олар өздерін дәріхана ретінде көрсеткен. Жастар арасында психоактивті дәрілер сатып, нашақорлықтың өршуіне себеп болған.
Негізгі тұтынушылары 18-25 жас аралығындағы жастар болды. Тергеу барысында қылмыстық схема толықтай әшкереленді. Заңсыз айналымдағы ірі көлемді дәрілік препарат, есірткі заттары мен оқ-дәрі, қомақты көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленді, — деп жазды баспасөз қызметі.
Топ мүшелерінің заңсыз тыйым салынған өсімдіктерді де өсіргені белгілі болды. Қазір 11 күдікті анықталып, оның ішінде топтың негізгі 6 мүшесі қамауға алынды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Елордада өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ер адам сотталды.
