Астанада Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, сот отырысы жабық режимде өтті.
Сот шешімі бойынша, айыпталушы ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танылды. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр қазан айында болған. Полиция мәліметінше, Ержан Бабақұмаров танысының қолынан қаза болған.
