Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астанада Ержан Бабақұмаров қаза болды

Ержан Бабақұмаров. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада қаза болды.

Бұл ақпаратты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан қаза болды, — делінген хабарламада.

Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ержан Бабақұмаров 2019 жылғы шілдеден 2022 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Мақалаға реакция