Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы алынғанын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Іс аясында тағайындалған сот-психиатриялық сараптаманың нәтижелері алынған.
Айыпталушы заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді. Тергеу аяқталу сатысында, – деді ол сенат кулуарында.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте болған оқиғаға қатысты күдіктінің психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
