Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті, — деп жазған Ақорда.
Екі мемлекеттің басшысы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. Аталған жиындар мамыр айының соңында Астанада өтеді, — делінген хабарламада.
