Қазақстан әлемде мұнай өндірудің қысқарғанын құптайды

Министрліктің мәліметі бойынша, Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқартуды міндеттегенді дұрыс деп есептейді

«Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттерін толығымен орындайды. Елде мұнай өндірісі көлемі — тәулігіне 1,673 мың баррель, соңғы екі айда оның көлемі біршама артқан. Мамыр-маусым айларында мұнай өндірісін қысқарту көзделген», — делінген министрлік хабарламасында.

Бейсенбі күні Венада ОПЕК елдері мен басқа да мемлекеттердің кездесуінде мұнай өндірісін қысқарту келісімін тағы тоғыз айға созу туралы шарт жасалды. Ол бойынша, келесі жылдың наурызына дейін мұнай өндірісі тәулігіне 1,8 миллион баррельге қысқартылады.

Жаңа келісім жарияланған соң мұнай бағасы төмендеді.

ДереккөзCentralasian.org