Алматыдан Пусанға тіке ұшып баратын рейс ашылды

Не болды?

Алматыдан Пусанға тіке ұшып баратын рейс ашылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1 мамырдан бастап Алматыдан Пусанға тіке ұшып баруға болады. Оңтүстік Кореяның Easter Jet әуе компаниясы аптасына екі рет рейске шығады.

Туристердің Алматыға қызығушылығы артып келеді. Былтыр Оңтүстік Кореядан Алматыға 23 мыңнан астам қонақ келген. 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда туристер саны бір жылда 15,3% артқан.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстер саны артуы мүмкін.