Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстағы заттар атауы шеберханасы» деген республикалық байқау жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Институт байқаудың мақсаты күнделікті тұрмыста орысша айтып жүрген зат, құрылғы атауына мемлекеттік тілде сәтті балама табу екенін хабарлап отыр.
Байқау 2026 жылғы 24 сәуір мен 13 мамыр арасында өтеді. Шарты мынадай:
- Байқауға қатысатын адам Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген Қазақ тілінің ұлттық корпусы (https://qazcorpus.kz/) туралы Instagram немесе Facebook парақшасына пост салып, институт парақшасын белгілеуі керек.
- Аударатын сөздер тізімінен 10 зат атауына қазақ тілінде балама ұсынып, оның тілтанымдық негіздемесін дәйектеуі керек.
Үміткер байқауға қатысу үшін байқау шартында көрсетілген тапсырманың жауабын [email protected] электрон поштасына 2026 жылғы 10 мамырға дейін жолдайды.
Қазақшаға аударатын сөздер тізімі мынадай:
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы 15 мамырда өтеді. Жүлделі орын алғандарға ақшалай сыйлық беріледі.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Ғылым Ордасы (Кіші зал), Шевченко көшесі, 28
