Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Үсік жүреді. Қазақстанда 29 сәуірде ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазгидромет 29 сәуірде болатын дауылды ескертті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

29 сәуірде Батыс Қазақстан облысына жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде облыстың шығысы мен солтүстігінде температура 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, бұршақ жауады.

Ақтөбе облысына тұман түседі. Облыстың батысы мен солтүстігінде температура 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.

Ақмола облысына да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың шығысында температура 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар облысының шығысындағы температура 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Жетісу облысының кей жерінде жылдамғы секундына 25 метрге дейін жел соғады, өрт қаупі әлі де бар.

Абай мен Шығыс Қазақстан облысында түндегі температура 2-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Жел 15-20 метр/сек жылдамдықпен соғады.

Қызылорда мен Атырау облыстарында өрт қаупі жоғары болуы мүмкін.

Қарағанды облысында жел 15-20 метр/сек жылдамдықпен соғады. Түнде облыстың шығысындағы температура 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Мақалаға реакция