Рұқсатсыз ұшуға болмайды: авиация саласына қатаң ескерту

Көлік министрлігі тиісті рұқсат құжаттарынсыз авиациялық жұмыстар жүргізуге жол берілмейтінін ескертті. Мәлімдеме азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі атынан жасалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, авиациялық жұмыстарды тек белгіленген тәртіппен берілген, тиісті сертификаты бар пайдаланушылар ғана орындай алады. Ал мұндай куәліксіз немесе пайдалану спецификацияларынсыз қызмет көрсету Қазақстан заңнамасын бұзу болып саналады және жауапкершілікке әкеледі.

Ресми талаптар бойынша, пайдаланушылар:

  • авиациялық жұмыстарды орындауға арналған жарамды куәлікке ие болуы;
  • әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі;
  • ұшуға рұқсат пен авиация персоналының біліктілігін растауы;
  • азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруы;
  • ұшу қауіпсіздігі талаптарын, оның ішінде метеорологиялық минимумдар мен пайдалану шектеулерін сақтауға тиіс.

ААК пен ҚАӘ заңсыз авиациялық қызмет ұшу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар мүлікке тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Сонымен қатар тиісті сертификаттаусыз жұмыс істейтін тұлғалар мен ұйымдарға қатысты әуе кемелерін пайдалануға тыйым салу, сонымен қатар материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау сияқты әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін.

Ведомстволар азаматтық авиация саласындағы барлық қатысушыны заң талаптарын қатаң сақтауға және қызметті тек рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға шақырды.