Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Жұмақанов дзюдодан күміс иеленді

Елдос Жұмақанов ерлер арасындағы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері оңтүстіккореялық Ан Ба Улудан есе жіберді.

Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Галбадрах моңғол спортшысы Мунхбат Урванцэцэгтен ұтылды. Қазақстандық спортшы ақтық сынға дейін Вьетнам дзюдошысы Тин Хоан Хи, индонезиялық Терри Кусумавардани Сусанти мен жапондық Фуны Тонакиді жеңді.

ДереккөзSports.kz