Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, +78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ жайғасса, үздік үштікті 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кэйла Харрисон қорытындылап тұр.

Галбадрах Отгонцэцэг үшін Абу-Дабиде өткен «Grand Slam» турнирі Қазақстан құрама сапындағы (2016 жыл) 10-ыншы халықаралық жарысы болды. Ол осыған дейін қатысқан барлық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, осы күнге дейін 10 жарыста – 5 алтын, 2 күмс, 3 қола медаль иеленген.

Естеріңізге сала кетсек, Галбадрах Отгонцэцэг 48 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін Халықаралық Гран При және 2 дүркін «Grand Slam» турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ, Ұлан-Батор мен Дюссельдорфта өткен «Grand Prix» турнирлерінде күміс медаль иеленсе, Баку мен Тиблисидегі халықаралық турнирлерде қолаға қол жеткізген болатын.

Дереккөзfdk.kz