Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жүк көлігін заңсыз тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды

Фото: Еlitar.kz

Не болды?

Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркеген арнайы ХҚКО-ның бес қызметкерлері сотталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы прокуратурасының мәліметіне қарағанда, арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейін тергеп-тексеру аяқталды.

Тергеу дерегі бойынша, 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның бес қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжат арқылы заңсыз тіркеп, көліктің шығарылған жылын бұрмалаған. Салдарынан көлікті бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 миллион теңге мемлекет бюджетіне толық түспеді, — делінген хабарламада.

Сотқа дейін тергеп-тексеру барысында мемлекет шығыны толық өтелді. Сот үкімі бойынша, арнайы ХҚКО қызметкерлері кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Контекст

Естеріңізге салайық, жыл басынан бері бірнеше өңірде жүргізуші куәлігін ресімдеу үшін заңсыз сыйақы алған арнайы ХҚКО қызметкерлерінің қылмысы әшкереленді.