2 млрд шығын: мердігер ұйым көпір салуға бөлінген қаражатты жымқырған

Не болды?

Петропавлда мердігер ұйым көпір салуға бөлінген қаражатты жымқырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жылғы тамызда Петропавл әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «БУКА» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Автожол көпірін салу туралы келісімшартың құны — 5,4 млрд теңге. Алайда мердігер ұйым жоспарды жұмыс кестесінен кеш орындаған.

Мердігер ұйымның директоры орындалған жұмыс көлемі туралы жалған құжат рәсімдеген. Тапсырыс беруші тараппен сөзбайласу арқылы мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты заңсыз аударылған. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келді.

Сот санкциясы бойынша, құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен техниканы қолдануға тыйым салынды. Қазір күдікті қамауда, тергеу жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанада дәрігерлер халықтың еміне бөлінген 675 млн теңгені жымқырған.