Не болды?
Астанада дәрігерлер халықтың еміне бөлінген 675 млн теңгені жымқырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Астана прокуратурасының мәліметіне қарағанда, емханада бұрын жұмыс істеген дәрігерлер халықтың еміне бөлінген ақшаны жымқырған. Көп уақыт бойы емхана қаражатын жақын туыстары мен жеке тұлғалардың шотына аударып отырған. Қаражаттың бір бөлігін қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, Италияға саяхаттауға жұмсалған. Жалпы шығын — 675 млн теңгеден асады.
Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ақша жымқыру) бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр Жетісу облысында 20 медицина қызметкері лицеензиясыз жұмыс істеген еді.
