«Сатқын екенін айтатын уақыт келді». Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті

Әнші Мөлдір Әуелбекова «КешYou» тобының мерейтойлық концертіне қатысудан бас тартты. Баян Мақсатқызы әншінің шешіміне байланысты пікір айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жазба жариялады. Әншінің сөзіне қарағанда, концерт онсыз да жоғары деңгейде өтеді. Өнер иесі осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді.

Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын, – деп жазды ол.

56234eb202eda5d50b053a93b601e526 "Сатқын екенін айтатын уақыт келді". Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті

Биыл әншінің өнер жолына түскеніне 22 жыл толады. Ол осы уақыт аралығында тек сахнада емес, түрлі салада қызмет атқарғанын алға тартты.

Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім. Менің өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымдарға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз. Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым. Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік, – деп жазды ол.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде Мөлдір Әуелбековаға қатысты пікір айтып, жазбасы арқылы қоғам назарын аудартты.

a4436d8f00101a635b7604105b1d8778 "Сатқын екенін айтатын уақыт келді". Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті

Мен енді маған және менің сен үшін жасағандарыма түкіруіңе жол бермеймін. «КешYou-ге 20 жыл» атты фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Оның неге сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты? Мен фильмде оның беделін көтеруге тырысып жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты, – деп жазды продюсер Instagram желісіндегі сторисінде.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қос өнер иесінің арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр.

Айта кетейік, әртіс Меруерт Өтекеш «Қыз Жібек» фильміндегі камзолын продюсер Баян Мақсатқызына сыйға тартты. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да