Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әйгілі ақын Мұхтар Шахан қайтыс болды

Мұхтар Шаханов. Фото: instagram.com/aigerim.abzhan
Ақын Мұхтар Шахан 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Baribar.kz порталы мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйеніп, хабарлап отыр.

Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті, — делінген министрлік хабарламасында.

Мұхтар Шахан 1942 жылғы 2 шілдеде Түркістан облысында дүниеге келген. Ол — әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек ері, Халық жазушысы.

Естеріңізге салайық, биылғы 8 сәуірде ақын ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан еді. Былтыр Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болған.