Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: @aigerim.abzhan/Instagram

Не болды?

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Мұхтар Шахановтың денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазір 84 жасқа келген Мұхтар Шаханов ауруханаға түсті. Бұл хабарды Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.

Ұлт үшін жан аямай тер төккен Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Кеңес жүйесінің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ, елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз. Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық! — деп жазды Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болған еді.