Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озды. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді.

Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Мұхтар Шаханов осымен екінші ұлынан айырылып отыр. 2021 жылы Рауан Шаханов дүниеден өтті.