Не болды?
Астанада өрт кезінде үш баласынан айырылған ана есін жиды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде аман қалған әйел жеті тәуліктен кейін есін жиды. Алайда «КТК» ақпаратына қарағанда, оның жағдайы әлі де ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайы туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
Науқастың жағдайы ауыр болуына денесінің 70% көп бөлігін күйік шалуы, тыныс алу жолдарының зақымдануы және ағзаның улануы себеп. Қазір науқас есін жиды, берілген бұйрықтарға жауап береді. Қажетті дәрі-дәрмектерді беріп жатырмыз. Тыныс алуына көмектесу үшін жасанды өкпе желдету аппараты қосылды. Жүрегі мен артериялық қысымы тұрақты, — дейді травматолог дәрігер Марат Сабиров.
Контекст
Естеріңізге салайық, Астананың Есіл ауданында орналасқан 21 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза болды. Өрт Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан. Өрттен күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Балалардың анасы жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.
Әкесі өрт кезінде қаза болған екі қызы мен бір баласын жер қойнына тапсырды.
ТЖМ жолға бөгет болған көлікті не үшін алып тастамағаны туралы мәлімдеме жасады.
