Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Түркістанда әкесі көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Түркістан облысында жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің көлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында белгілі болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері жарияланған бейнематериалдарды тексеру кезінде Toyota маркалы автокөліктің тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғанын анықтаған.

Тексеру нәтижесінде жасөспірімнің көлік жүргізуге құқығы жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар оның әкесі ұлының жүргізуші куәлігі жоқ екенін біле тұра, автокөлікті басқаруға рұқсат беріп, дүкенге жібергені анықталған. Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге және оның заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Ал көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды, — делінген хабарламада.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларға көлік басқаруға жол бермеуге шақырды. Өйткені мұндай әрекеттер жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіріп, ауыр және орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.

Мақалаға реакция