Астанадағы өрт: өрт сөндірушілер жолға бөгет болған көлікті не үшін алып тастамады?

Не болды?

Жұрт Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде өрт сөндірушілерді әрекетсіздік танытты деп айыптаған. Олар үйге кіруге кедергі келтірген көлікті ығыстырып тастамаған. ТЖМ бұл пікірге жауап берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астандағы үш бала қаза болған үйдің алдында құтқарушылар автосаты мен автоцистернаның өтуіне кедергі келтірген автокөлікті 20 минут бойы жолдан алмаған.  Азаматтар осы жағдайдан кейін құтқарушыларға кедергі келтірген көліктерді соғып болса да өту құқығын беру туралы ұсыныс түсті.

Алайда министрлік бұл ұсыныстың қабылданбайтынын мәлімдеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда Конституциясы бойынша мемлекеттік меншік пен жеке меншік тең және бірдей деңгейде қорғалады (6-бап).

Не себепті қабылданбайды?

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл норманы енгізу принциптік құқықтық және практикалық негіз бойынша орынсыз.

Біріншіден, тас-талқан ету тәсілін қолданудың объективті және әмбебап өлшемін белгілеу мүмкін емес. Әрбір төтенше жағдай жеке сипатта дамиды.

Екіншіден, бұл құқықтық сипатта көп сұрақ туындатады. Уақыт аз кезде қабылданатын шешімнің заңдылығына кейін баға беріледі. Бұл құтқарушылардың мойынына шамадан тыс жауапкершілік артады.

Үшіншіден, келтірілген залал үшін біреудің жауапкершілік арқалауы жедел шешім қабылдауға кедергі келтіреді. Бұл басқа азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Төртіншіден, бұл норманы бекіту сот дауларының көбеюіне, бюджетке қаржылық жүктеменің артуына және теріс қоғамдық резонансқа негіз болуы ықтимал.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астананың Есіл ауданында орналасқан 21 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза болды. Өрт Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан. Өрттен күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Балалардың анасы жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.

Әкесі өрт кезінде қаза болған үш баласын жер қойнына тапсырды.