Не болды?
Қазақстан азаматтары шетелде 10 мыңнан аса жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Мемлекеттік кірістер комитетінің LS басылымына берген ақпаратына қарағанда, бұл көрсеткіш 2024 жыл қорытындысы бойынша тапсырылған 250.00 және 270.00 нысандағы декларация негізінде анықталған.
Шетелде Қазақстан азаматтарының қанша көлігі бар?
Ресми есеп бойынша, Қазақстаннан тыс жерде азаматтардың 1 937 көлігі бары тіркелген. Ең жоғары көрсеткіш — Ресей аумағында.
- Ресей – 598 автокөлік;
- АҚШ – 161 автокөлік;
- БАӘ – 115 автокөлік.
Жылжымайтын мүлік
Қазақстан азаматтары өзге елдердегі құрылыс нысандарына үлескер ретінде де қатысып жүр. Құжаттарда мұндай 991 нысан көрсетілген.
- Ресей – 213 үлес;
- БАӘ – 122 үлес;
- Түркия – 76 үлес.
Көлік пен құрылыс нысандарынан бөлек шетелде азаматтарымыздың 9 968 жылжымайтын мүлігі тіркелген.
- Ресей – 5 493 нысан;
- Түркия – 794 нысан;
- Испания – 458 нысан.
Контекст
Естеріңізге салайық, Астанада жыл басынан бері жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан бюджетке 10 миллиард теңгеден астам қаржы түсті.
