Алматы хайуанаттар бағы аумағында келушілердің бірі арыстанға тас лақтырған. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Кадрларда ер адамның қоршаудан асырып, жануарға тас лақтырып жатқаны анық көрінеді. Мұндай әрекеттер зообақ ережелеріне қатаң қайшы келеді және жануарлар үшін қауіпті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиғаға байланысты зообақ әкімшілігі полицияға шағым түсірген. Мәлімет бойынша, өтініш Медеу аудандық полиция басқармасы тарапынан тіркелген. Қазір оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Зообақ қызметкерлері келушілерге қауіпсіздік және тәртіп ережелерін тағы да еске салды. Атап айтқанда, жануарларды мазалауға, үркітуге, бөгде заттарды лақтыруға, өз бетінше тамақтандыруға, қоршаудан асуға, әйнекті ұруға және қоқыс қалдыруға қатаң тыйым салынған.
Мамандар тұрғындарды ережелерді сақтауға және балаларға дұрыс үлгі көрсетуге шақырады.
