Рамазан айында қайыр сұрауға тыйым салынды

Дубай қаласының полиция төрағасы, генерал-майор Омар әли Мухайри көшеде қайыр сұрап жүретіндердің көбісі алаяқтар және қылмыстық топтарға қатысы бар жандар екенін атап өтті. Оларға берілген садақаның зұлымдық істерге жұмсалатынын да ескертеді.

«Полиция қызметкерлері осы бір келеңсіз жағдайды тоқтатқысы келеді. Біздер өздерін қайыршы етіп көрсетіп, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндерге қарсы күрес шараларын жүргізіп келеміз, жүргізе де береміз. Бұған қоса, қала тұрғындарынан да жауапкершілікпен қарауын сұраймыз», – делінген мәлімдемеде.

ДереккөзMuslim.kz