Дубайда демалатындарға арналған 7 ереже

«Жағажайда бұрынғыша от жағып, рұқсат етілмеген сауда-саттықпен айналысуға, адамдарды суретке түсіруге болмайды. Сондай-ақ, Дубай билігі барлық шомылушыларға жеке заттарына абай болып, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тағы бір ереже: жағажайда тек жергілікті дәстүрге сай киіммен жүру керек. Киім үлгісі нақтыланбаған», — деп жазды ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жағажайдан тыс жерлерде шомылу киімімен жүруге тыйым салынған. Сонымен қатар, жағайжайда түнде қалуға болмайды — бұл түнде жұлдыз тамашалауды жақсы көретіндерге арналған ереже.

Ережені бұзғандарға қолданылатын жаза туралы хабарланбаған. Бірақ, оның пайымдауынша, ережені бұзғандарды айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін.

ДереккөзInform.kz