Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
15 сәуір — Қозы көрпеш — Баян сұлу күні. Ғашықтар күніне орай, Атырау тұрғындары Райымбек пен Аружанның ерекше махаббатын баянбап бермекпіз. Baribar.kz қиындықты бірге еңсерген жас жұптың оқиғасын ұсынып отыр.
«Жазылуға уәде берсең, саған тұрмысқа шығамын»
Ақпан айында «Ғашықпын саған» деген фильм прокатқа шыққан еді. Фильмде “Есеппен сүю керек пе, әлде ессіз сүю керек пе?” деген екіұдай сезім арасындағы таңдау тартысы көрсетілген. Тhreads қолданушысы Аружан бұл кино туынды күйеуі екеуіне қатты әсер еткенін жазды. Өйткені олардың тағдыры мен кинодағы оқиға ұқсас екен.
Аружан күйеуі Райымбекпен ол қатерлі ісік ауруына шалдыққан шақта танысқан. Райымбек Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында ем алып жатқан кезде Аружан оған ұшып барып, демеу болған.
Екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көріп қалдық. Содан ол жазылуға ынталансын деп, жазылуға уәде берсең, мен саған тұрмысқа шығуға уәде беремін дедім, — дейді ол.
Фото: Тhreads
Бұл оқиғаның соңы кинодағыдай қайғылы емес
Ерекшелігі сол, бұл оқиғаның соңы кинодағыдай қайғылы емес. Райымбек пен Аружан қиындықты бірге еңсеріп, Райымбек дертінен айығып, екеуі үйлену тойын жасаған.
Фото: Іnstagram
Екеуміз де уәдеде тұрдық, — дейді Аружан.
Фото: Instagram
Ғашықтар «Ғашықпын саған» фестіне барды
Ғашықтар «Ғашықпын саған» фестіне барды
Күні кеше, 14 сәуірде Алматыда «Ғашықпын саған» фесті өтті. Фильм продюсерлерінің бірі Жалын Тілеуберген Райымбек пен Аружанға осы концертке екі билет сыйлаған.
Фото: Тhreads
Фестті ұйымдастырғандар Аружанның жазбасын үлкен экраннан көрсетіп, ғашықтарға мәңгілік махаббат тіледі.
Аружан қазір кітап жазып жатыр
Аружан Тhreads-те “Біз таңдаған өмір” деген кітап жазып жатқанын хабарлады. Кітап мазмұны екі жастың өмірі жайлы. Аружанның сөзіне қарағанда, кітап жазуды күйеуі тұрмысқа шығуға ұсыныс айтқан кезден бері армандаған екен.
Кітап жазатын өнерім бар еді. Екеуіміз жайлы кітап жазып жатырмын. Маған тек қолдау жетпей жүр..,- дейді ол.
«Біз таңдаған өмір» кітабынан үзінді:
Әдетте химия алып жатқанда беріле салғым келетін. Ал қазір сенімен сөйлесіп отырып, химияның қалай тез бітіп кеткенін байқамай қалдым
Кей адамдар өміріңе жай келмейді. Олар тағдырмен келеді.
Менің арманым Кореяға барып, шет ел көру емес еді. Арманым тек сол жігітті көру, оны аз ғана уақыт болса да жалғызсыратпау, барып қуанту еді. Расымен қатты қуантқым келді.
Біз тағдырды таңдамадық, бірақ бір-бірімізді таңдадық.