Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Artemis II миссиясының табысты орындалуымен құттықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Президент Artemis II миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, — делінген «Ақорда» хабарламасында.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берген.
Естеріңізге сала кетейік, Айды айнала ұшқан Artemis II экипажы Жерге оралып, Тынық мұхитының Калифорниядағы тұсына қонған.
