Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Дастан Сәтбаев «Дарын» сыйлығымен марапатталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда футболшы Дастан Сәтбаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табысталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Матчтарға қатысуына байланысты спортшы 2025 жылғы 26 қарашада өткен марапаттау рәсіміне қатыса алмаған.

Салтанатты іс-шарада ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, оның жастарға үлгі екенін атап өтті.

Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады, – деді министр.

Айта кетейік, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорттағы жоғары жетістіктері үшін талантты жастарға табысталады.