Астанада полиция қызметкеріне күш қолданған азамат сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Астана прокуратурасының мәліметінше, оқиға тұрғын үйлердің бірінің маңында болған.
Алкогольдік масаң күйдегі ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға балағат сөздер айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Сонымен қатар ол қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Оқиға салдарынан полиция қызметкерлері жеңіл жарақат алған, — делінген хабарламада.
Сот барысында прокурор күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінген. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда да мас күйдегі бір топ азаматтың полиция қызметкеріне шабуыл жасаған еді.
